Астанаға алғаш келгенде кейбір адамдар сұрайтын: "Саған Астанада не ұнайды?" - деп. Маған Астанада ең бірінші ауа-райы ұнайды. Иә, салқын ауа райы ұнайды. Мен туып-өскен жақта жазы өте ыстық +40-50 ге барады, қысы да көктем сияқты жылы өтеді, бірақ жел күшті. Маңғыстауда мен жақсы көретін нәрсе - теңіз бен әдемі табиғат. Балалық шақ керемет өтті. Бірақ менің қазіргі оқудан кейінгі, үлкен адамдар секілді қоғам қатарына қосылып, өмір сүруіме Астана өте қолайлы деп ойлаймын. Иә, Астанада қыста суық -35-40 градусқа жетуі мүмкін. Көктемде жаңбыр жауып, жер беті моншақ таққандай әдемі гүлдерге толады. Жазда аса ыстық болмай, күзде дала түрлі түске боялады. Осында төрт мезгілді нақты байқап, сезінуге болады.
Бір жағынан маған салқындық өмірмен де байланысты көрінеді. Негізі жылы, ыстық болған сайын адам ұйқысы келіп, демалғысы кеп тұрады. Өмірде көп адамдар да жағдайы жақсы болып, азын-аулақ наны болып, ұйқтайтын жері болса, ойланбай, ұйқтағысы кеп, демалып жүре береді. Ауа-райы суық болған сайын, ауа тазарып, адам ұйқысы ашылып, ширығады. Адам өмірінде де дәл солай. Өмірде қиындық болса, адам бірінші шағым жасайды, ренжиді, содан соң қиындықты, проблеманы шешу үшін қимылдап бастайды.
Астананың ауа-райы да адамдарға: "демалмаңдар, өмірлеріңді, болашақтарыңды жасаңдар" - деп айтып тұрғандай әдейі суық болып тұрғандай көрінеді. Шындығында көп үлкен қалалардағыдай Астанада өмір сүру оңай емес. Менің бақылауымша, Астанада "өлместің қамын жасау" емес, "жақсы өмір сүру үшін" қалтада қомақты ақша болуы керек. Мында жұмыстан бөлек адамдарда өз ісі, бизнесі болу керек. Немесе билік басындағы үлкен үлкен адамның бірі болуың керек. Билікте де адамдар қандай табыс табатынын білмедім, бірақ көп адамдар сол жаққа ұмтылатынын білемін. Бірақ билік жақта орын шектеулі. Ал бизнес жақта орын көп. Бәріне жетеді. Тек жасаса болды. Сіз қалай ойлайсыз? Сізге қандай ауа-райы ұнайды?